Сөздік
әлпеш·теу
етістік
Баланы аялап өсіру, мәпелеу, қамқорлыққа алу; балапанын қанатының астына алған құстай қорғау.
«Қазақ баласын „құлыншағым“, „ботақаным“ деп алақанына салып, әлпештеп өсірген».
Мектепалды даярлыққа арналған әліппе2026
Баланың әріппен алғашқы танысуы мейірім мен қамқорлыққа, ұлттық құндылыққа толы болсын деген ниетпен жазылған әліппе және көркем жазу дәптері.


Әлди, әлди, әлпешім!Ұйықта деймін, ұйықтайсың.
Сөздік
етістік
Баланы аялап өсіру, мәпелеу, қамқорлыққа алу; балапанын қанатының астына алған құстай қорғау.
«Қазақ баласын „құлыншағым“, „ботақаным“ деп алақанына салып, әлпештеп өсірген».
Қазақтың әр баласына арналған еркелету сөзі, жүректен шыққан жылы лебізі болады. «Әлпешім» деген бір ғана сөздің астарында ананың мейірімі, әкенің қамқорлығы, шаңырақтағы шексіз махаббат жатыр.
Бала білім әлеміне қадам басқанда алғашқы кітабын қолына алады. Мұқабадағы «Әлпешім» деген атау оған «мұнда саған ешкім ұрыспайды, мұнда сені түсінеді, аялайды» деген сенім мен жайлылық сыйлайды. Білім қатаң тәртіппен емес, мейірім мен қамқорлық арқылы беріледі.
«Әліппе» атауын әдейі алмадық: кітап мектепалды даярлыққа арналғандықтан, Қасым Аманжоловтың «Әлди, әлди, әлпешім» деген жолдары жүрекке жақын болды.
Әліппе баланы әріппен таныстырады, көркем жазу дәптері сол әріпті қолмен жазуға үйретеді. Екеуі бірге қолдануға арналған.

Әліппе
Әлемді енді тани бастаған балаға әріп үйретумен қатар рухани құндылық пен қазақи болмысты бойына сіңіреді. Әріптер баланың отбасынан, туған өлкесінен және ұлт тарихынан алынған бейнелер арқылы таныстырылады.

Көркем жазу дәптері
Әліппемен қатар жүретін жазу дәптері. Бала әріпті танып қана қоймай, оны дұрыс әрі әдемі жазуға машықтанады, қолы жазуға біртіндеп дағдыланады.
«Әлпешімді» парақтаған әр баланың сапары «А» әрпінен басталады. Бұл — баланың санасындағы тұтас дүниетанымның, оқу мен білімге жасалған алғашқы қадамның іргетасы.
Кітаптағы «А» әрпі тек «ата» сөзімен шектелмейді: ол қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының бейнесімен қатар беріледі. Бала Абайдың кім екенін әлі толық түсінбесе де, ұлы тұлғаның мейірімді жүзін көріп өседі. Бұл бейне жадында сақталып, есейгенде рухани тамырымен ертерек қауышуына жол ашады.
Үлкен білім мен ұлы ғылымның тамыры осы кішкентай «А» әрпінен, ананың әлдиінен бастау алады.
Сатып алмас бұрын кітаптың мұқабасы мен титул бетін жақыннан көріңіз.




Қолымыздағы әліппелерден әлемді енді тани бастаған балаға рухани құндылық пен қазақи болмысты сіңіретін дүние таппадық. Сондықтан тәуекел етіп, үлкен жауапкершілікпен кірісетін педагог іздедік.
Кітап жай ғана әліппе емес, мемлекеттік стандартқа сай оқу құралы болуы тиіс еді. Стандартты ашып қарасақ, оның алғашқы сөйлемі-ақ әліппенің Ахмет Байтұрсынұлының ізімен жазылуын талап етеді екен.
Автор — Шымкентте, дизайнер — Алматыда, бастамашылар — Астанада. Үш қалада отырып, заманның мүмкіндігін пайдаланып, бір жарым жыл бойы бірге жұмыс істедік.
«Әлпешім» әліппесі мен көркем жазу дәптері Алматыда басылып шықты. Енді оны Kaspi.kz дүкенінен сатып алуға болады.
Әліппе түзелмей, қазақ әлемі де түзелмейді
Әліппе мен көркем жазу дәптері Kaspi.kz дүкенінде сатылады.