Қор жайлы Астана қаласы
Біз кімбіз
«ALQA Astana» Қоғамдық Қоры — ұлттық мұраны ұлықтап, мәдениет пен білімді дамытуға арналған қоғамдық бастамалар алаңы. Қор қазақ халқының әдебиеті, тарихы мен дәстүрін бүгінгі қоғамның рухани тірегі ретінде танытып, оларды заманауи ағартушылық жобалар арқылы кеңінен насихаттайды.
01Басты мақсат
Құндылықтарды тек сөзбен насихаттап қоймай, оны қоғам өміріне енгізетін нақты істерге айналдыру, білім мен мәдениетті ұштастыра отырып, ұлттық мұраны өскелең ұрпаққа жеткізу.
02Команда
Қор жұмысын атқаратын адамдар
Бас директор

СаятЫбырай
Менеджмент


Маркетинг және PR




IT бөлімі


Редакция


Қолдау бөлімі

03Бағыттар
Немен айналысамыз
- 01Балалар мен көркем әдебиетті басып шығару
- 02Оқу-әдістемелік, ғылыми-тарихи және публицистикалық еңбектер
- 03Ағартушылық лекциялар мен білім беру жобалары
- 04Мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу
- 05Мәдени-рухани және әлеуметтік мәселелер бойынша зерттеу
- 06Қайырымдылық бастамалары мен бірлескен жобалар
04Жобалар
Бүгінгі жобаларымыз
Барлық жоба- 01«Ойқұмар»Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушыларына арналған онлайн байқаулар. Балалардың қазақ тілінде дұрыс, анық және мәнерлі сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған.Мемлекеттік тілді дамыту
- 02«АЛҚА» әдеби-мәдени клубыМағжан Жұмабаев 1924 жылы құрған «АЛҚА» клубының жаңғырған жалғасы. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы аясында апта сайын кітап талқы, кино талдау және сөзталқы кездесулері өтеді.Оқырман клубы
- 03ALQA SAZҚазақ әндерін жанды дауыста, акустикалық аранжировкада орындайтын музыкалық жоба. 2025 жылдан бері төрт кеш өтті, билет осы сайтта брондалады.Музыкалық жоба
- 04«Әлпешім» әліппесіМектепалды даярлыққа арналған әліппе және көркем жазу дәптері. Ахмет Байтұрсынұлының ізімен жазылған кітап баланы әріппен мейірім мен ұлттық құндылық арқылы таныстырады.Балалар әдебиеті
- 05«Мәңгілік сарын»Ұлттың үнін ұрпаққа жеткізетін рухани көпір. Дәстүрлі ән, жыр мен күйдің тарихын, мәні мен ұлт өміріндегі орнын ашатын кештер. Екі кеш өтті: жыршы Марат Сүгірбай мен әнші Ерлан Рысқали.Дәстүрлі өнер
- 06ALQA SchoolКітап оқитын ғана емес, ойланатын, ізденетін орта. Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап талқы, спич пен сұхбат — апта сайын Астананың жаңа мектебінде.Балалардың оқу мәдениеті
