Мұқағали Мақатаев залы: тыңдармандар мен сахнадағы жыршы

Дәстүрлі өнер кештері

Мәңгіліксарын

Ұлттың үнін ұрпаққа жеткізетін рухани көпір

Өткен кеш
2
Алаң
2
Өнер
Ән · Жыр · Күй
Ерлан Рысқали домбырамен ән салып отыр
Соңғы кеш · 18 қазан 2026

«Дәстүрлі ән кеші»

ЕрланРысқали

Дәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Кеш туралы
Мәңгілік сарын — халықтың көркем жады мен рухани мұрасын жаңғыртып, дәстүр мен бүгінді сабақтастыратын мәдени кеңістік»
Тыңдармандар жыршыға қол соғып отыр
Тыңдармандар · 16 мамыр 2026
Жоба туралы

Қазақтың дәстүрлі өнері — ұлттың үні, даланың тынысы, бабалардан жеткен баға жетпес рухани мұра. «Мәңгілік сарын» сол асыл мұраның үнін өшірмей, дәстүрдің тамырын тереңнен танып, ұлттық өнердің өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізуді мұрат етеді.

Ұйымдастырушы
ALQA әдеби-мәдени клубы
Серіктестер
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Астана Халықаралық университеті
Насихат

Қазақ өнерінің жауһарлары

Күй

Домбыра мен қобыздың тілсіз шежіресі: сөзсіз-ақ оқиға айтатын аспап өнері.

Алдағы кештерде
Басты мақсат

Ұлттық өнерді тек тыңдату емес, оның қадір-қасиетін ұғындыру.

Әр кеште өнердің төрт қыры ашылады

  1. IТарихы мен мән-мағынасы
  2. IIҚалыптасу жолы
  3. IIIҰлт өміріндегі орны
  4. IVРухани мәні
Кештер

Өткен кештер

«Мәңгілік сарын. Дәстүрлі ән кеші» — Ерлан Рысқали, афиша

2-кеш · Өтті

Дәстүрлі ән кеші

Ерлан РысқалиДәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Екінші кеш дәстүрлі әнге арналды. Біржан сал мен Ақан серіден бастау алған Арқа әншілік мектебінің дәстүрін жалғастырып жүрген әнші Ерлан Рысқали тыңдармандарды сол мектептің көркемдік әлеміне бастады.

Кеш Астана Халықаралық университетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Ерлан Рысқалимен бірге жас орындаушылар да өнер көрсетті.

Күні
18 қазан 2026, 14:00
Орны
Астана Халықаралық университеті
Мекенжай
Астана, Жиембет жырау көшесі, 2
Ерлан Рысқали сахнада, артында кештің афишасы
Ұлттық киімдегі жас әнші домбырамен ән салып отыр
Жас орындаушы домбырамен ән айтып тұр
Сахнадан залға қарай: әнші мен тыңдармандар
Кештен кейінгі ортақ сурет: Ерлан Рысқали мен тыңдармандар афиша алдында
Кештен кейінгі ортақ сурет

Кештің барлық суреттері · 11

«Мәңгілік сарын. Жыр алқасы» — Марат Сүгірбай, афиша

1-кеш · Өтті

Жыр алқасы

Марат СүгірбайДәстүрлі жыршы

Жобаның алғашқы кеші жыр өнеріне арналды. Дәстүрлі жыршы Марат Сүгірбай қобыз бен домбыраның сүйемелдеуімен жыр орындап, әр туындының тарихы мен мәнін тыңдармандармен бірге ашты.

Мұқағали Мақатаев залы лық толды: ақсақалдар мен әжелер, жастар, ата-аналар балаларымен келді.

Жыршы қобыз бен домбыраны кезек алып, жырдың қалай туып, ұрпақтан-ұрпаққа қалай жеткенін әңгімелеп, залдағы тыңдармандармен сұхбаттасты.

Күні
16 мамыр 2026, 14:00
Орны
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Мұқағали Мақатаев залы
Мекенжай
Астана, Достық көшесі, 11
Марат Сүгірбай қобызбен жыр айтып отыр
Жыршы тыңдармандармен сұхбаттасып отыр
Домбырамен жыр
Залдағы тыңдармандар
Мұқағали Мақатаев залы

Кештің барлық суреттері · 18

Жыршы сахнада, алдында толы зал
«Жыр алқасы» · 16 мамыр 2026
III кеш

Келесі кеш жақында

Келесі кештің күні мен орны @alqa.club парақшасында жарияланады.

Хабарландыруларды бақылау