«ALQA Astana» ҚҚ
Қордың жобалары
Жарғыда бекітілген қызмет бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан бағдарламалар
- сахналық кеш
- 6
- ALQA SAZ тыңдарманы
- 646
- «Алқа» клубының маусымы
- V
- Оқырман клубы«АЛҚА» әдеби-мәдени клубыМағжан Жұмабаев 1924 жылы құрған «АЛҚА» клубының жаңғырған жалғасы. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы аясында апта сайын кітап талқы, кино талдау және сөзталқы кездесулері өтеді.Жобаға өту
- Мемлекеттік тілді дамыту«Ойқұмар»Мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушыларына арналған онлайн байқаулар. Балалардың қазақ тілінде дұрыс, анық және мәнерлі сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталған.Жобаға өту
- Дәстүрлі өнер«Мәңгілік сарын»Ұлттың үнін ұрпаққа жеткізетін рухани көпір. Дәстүрлі ән, жыр мен күйдің тарихын, мәні мен ұлт өміріндегі орнын ашатын кештер. Екі кеш өтті: жыршы Марат Сүгірбай мен әнші Ерлан Рысқали.Жобаға өту
- Музыкалық жобаALQA SAZҚазақ әндерін жанды дауыста, акустикалық аранжировкада орындайтын музыкалық жоба. 2025 жылдан бері төрт кеш өтті, билет осы сайтта брондалады.Жобаға өту
- Балалар әдебиеті«Әлпешім» әліппесіМектепалды даярлыққа арналған әліппе және көркем жазу дәптері. Ахмет Байтұрсынұлының ізімен жазылған кітап баланы әріппен мейірім мен ұлттық құндылық арқылы таныстырады.Жобаға өту
- Балалардың оқу мәдениетіALQA SchoolКітап оқитын ғана емес, ойланатын, ізденетін орта. Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітап талқы, спич пен сұхбат — апта сайын Астананың жаңа мектебінде.Жобаға өту
Серіктес болғыңыз келе ме?
Қор мемлекеттік органдармен, білім беру мекемелерімен және қоғамдық бірлестіктермен бірлескен жобаларға ашық. Ұсынысыңызды поштаға жіберіңіз.






















































