Жаңа маусым · 2026–2027 оқу жылы

ALQA School

Кітап оқитын ғана емес, ойланатын, ізденетін, ұрпақ қалыптастыратын орта

кездесу
8
мектеп
7
маусым басталды
29 қыркүйек

Мектептен мектепке

  1. «Мамандықтың мәні» спичі, №80 гимназия

    «Мамандықтың мәні»

    Мамандық таңдаудың маңызы, өз қабілеті мен қызығушылығын дұрыс тану, болашаққа мақсат қою және таңдаған кәсібіңе жауапкершілікпен қарау туралы әңгіме.

    Оқушылар сұрақтарын қойып, түрлі мамандықтар туралы пікір алмасты: «Мамандықты қалай дұрыс таңдауға болады?», «Қызығушылық пен қабілетті қалай анықтаймыз?», «Өзің қалаған мамандық пен қоғамға қажет мамандықтың арасындағы тепе-теңдік қандай?»

    Мамандық таңдау — жай ғана кәсіп таңдау емес, өз болашағыңа бағыт таңдау.
  2. №102 мектептің сахнасында ALQA SCHOOL ұжымы мен оқушылар

    Қаныш Сәтбаев

    Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми мұрасы: ғылымға келу жолы, геологияға қосқан үлесі, Қазақстанның табиғи байлықтарын зерттеудегі еңбегі.

    Оқушыларға ғалымның еңбекқорлығы, білімге деген құштарлығы мен ел болашағына деген жауапкершілігі жайлы айтылып, оның өмір жолынан өнеге алуға шақырылды.

  3. «Гауһартас» талқысы: оқушылар кітапханада
    Спикер оқушылармен сөйлесіп тұр

    «Гауһартас»

    Повестегі адамгершілік, махаббат, отбасы, жауапкершілік, мінез бен тағдыр мәселелері кеңінен қозғалды.

    Оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекетіне сыни көзқараспен қарап, олардың шешімдеріне баға беріп, өз ойларын еркін ортаға салды.

    Кітапты жай ғана оқып қоймай — талдау, пікір айту, сұрақ қою, өз көзқарасыңды қалыптастыру.
  4. «Жас Қаныш» сұхбатынан кейін: оқушылар кітаптарымен

    «Жас Қаныш»

    Қаныш Сәтбаевтың жастық шағы мен тұлғалық қалыптасуына арналған кітап ұлы ғалымның өмір жолына тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.

    Оқушылар кітаптан алған әсерлерімен бөлісіп, ғалымның ғылымға деген қызығушылығы, ізденісі мен табандылығы төңірегінде ой қозғады, ұлы тұлғаның өмір жолынан қандай өнеге алуға болатыны туралы пікір алмасты.

    Кітап — танымға жол ашса, сұхбат сол танымды тереңдетеді.
  5. Жәрмеңкеде: кітаптарымен ALQA SCHOOL командасы
    Жәрмеңкеге келген оқушылар

    Кітап жәрмеңкесі

    Кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және сапалы әдебиетті көпшілікке насихаттау үшін екі баспамен бірлесіп өткізілді.

    Кітап жәрмеңкесі — оқырман мен әдебиетті жақындастыратын ерекше мүмкіндік.

    Кітап — рухани байлықтың қайнар көзі.
  6. №74 мектептің сахнасы: «Әдебиетші-геолог» спичі

    Олжас Сүлейменов

    Ақынның өмір жолы, әдеби мұрасы, қоғамдық қызметі және қазақ руханиятына қосқан үлесі.

    Мақсат — жас ұрпаққа ұлт тұлғаларының мұрасын таныстырып, тарих пен әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.

  7. №117 мектеп кітапханасында талқылаудан кейін

    «Мәңгілік бала бейне»

    Оқушылар шығарманың мазмұнымен танысып, кейіпкерлердің тағдыры мен туындының негізгі идеясын талдады.

    Семей ядролық полигонының зардаптары, адам тағдыры және бейбітшіліктің маңызы туралы ой бөлісті.

  8. №90 мектепте «Менің атым — Қожа» кездесуі

    «Менің атым — Қожа»

    Оқушылар повестің мазмұнына үңіліп, Қожаның мінезі мен іс-әрекеттерін талқылады.

    Кейіпкердің бойындағы жақсы қасиеттер мен кемшіліктерді саралап, оның өмірінен тағылым алды.

    Әдебиет — адамды тануға, ойлануға және өмірден сабақ алуға үйретеді.

Апта сайын — жаңа мектеп

Біз бір орында отырмаймыз: әр апта Астананың басқа мектебіне барып, оқушылармен сол жерде кездесеміз.

Өткен маусымда: Ы. Алтынсарин атындағы Binom School · Ә. Бөкейхан атындағы Binom School · А. Байтұрсынұлы атындағы Binom School · №78 мектеп-лицей · ALQA bilim академиясы · №1 және №5 балалар кітапханалары

Жоба туралы

Кітап — бастамасы. Ой — мақсаты.

Жоба балалардың оқу мәдениетін, ойлау қабілетін және таным көкжиегін дамытуға бағытталған. Мұнда кітап оқып, шығарма талдаумен қатар, әдебиет, тарих, мәдениет, өнер, ғылым және ұлттық құндылықтар тақырыптарында танымдық лекциялар мен кездесулер өткізіледі.

Жоба 2024 жылы ALQA клубының «Кел, балалар, талқылайық!» бастамасынан өсіп шықты.

Басты мақсат

Балаға дайын ақпарат беріп қана қоймай, ойлануға, сұрақ қоюға, пікір білдіруге және өздігінен ізденуге мүмкіндік беретін орта қалыптастыру.

Не істейміз

Төрт формат

  • ALQA KidsКішкентайларға
  • ALQA JuniorЖасөспірімдерге · 12+
01

Кітап талқы

Шығарманы бірге оқып, кейіпкердің таңдауын, автордың ойын талдаймыз.

02

Кино талдау

Фильмнен кейін «не сезіндік, не түсіндік, нені өмірге аламыз?» деп сұраймыз.

03

Танымдық дәріс

Тарих, ғылым, өнер мен ұлттық құндылықтар туралы лекциялар мен кездесулер.

04

Мәдени сапар

Рухани-танымдық форматтар: театр, музей, қолөнер, заманауи технология.

Өткен маусым · 2025–2026

Не оқыдық, не көрдік

Барлығы — @alqa.school және @alqa.juniors

«Екі қария» — кітап талқыКітап талқы12+

18 қаңтар 2026

«Екі қария»

Лев Толстой

Шынайы иман мен ниет тазалығы, қайырымдылықтың сыртқы ғибадаттан жоғары тұратыны туралы философиялық әңгіме.

ALQA bilim академиясы

«Крудстар отбасы» — кино талдауКино талдау

желтоқсан 2025

«Крудстар отбасы»

Кейіпкерлердің өсу жолын талдап, «Мен өмірімді қалай өзгерте аламын?» деген сұраққа жауап іздедік.

№1 Балалар кітапханасы

«Жалған купон» — кітап талқыКітап талқы14+

6 желтоқсан 2025

«Жалған купон»

Лев Толстой

Кішкентай бір қателіктің тұтас тағдырды қалай өзгертетінін, әр таңдаудың ар мен ұят таразысы екенін талдадық.

№1 Балалар кітапханасы

«Поллианна» — кино талдауКино талдау14+

29 қараша 2025

«Поллианна»

Поллианнаның «қуаныш ойыны» — адамды, жағдайды, өмірді қайта көруге үйрететін ішкі көзқарас.

№5 Балалар кітапханасы

«Кішкентай ханзада» — кітап талқыКітап талқы14+

22 қараша 2025

«Кішкентай ханзада»

Антуан де Сент-Экзюпери

Ертегі сияқты көрінгенімен, адам жаны туралы терең сыр шертетін шығарманың басты ойларын ортаға салдық.

№1 Балалар кітапханасы

«Достықтың мәні» — пікірталасПікірталас

қараша 2025

«Достықтың мәні»

«Дос деген қандай болуы керек?» Жасөспірімдер жүрек сырын бөлісіп, достықтың өмірдегі орнын қайта бағамдады.

№1 Балалар кітапханасы

Шақыру

Келесі кездесу — сіздің мектепте?

Мектеп, сынып жетекшісі не ата-ана болсаңыз, WhatsApp-қа жазыңыз — келісіп, барамыз.