«ALQA Astana» ҚҚ ұйымдастырады

«Ойқұмар»

Республикалық жаңылтпаштарды жатқа айту байқауы

Тіркелу 10.09.2026 басталады

Байқаудың мақсаты

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін дұрыс меңгеруіне ықпал ету және шешендік қырын дамыту.

Міндеттері

  • Қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысын жетілдіру
  • Дыбыстарды анық әрі дұрыс айтуды үйрету
  • Дауыс ырғағы мен есте сақтау қабілетін жақсарту
  • Сөйлеу мәнерін қалыптастыру
  • Халық ауыз әдебиетіне қызығушылықты арттыру
  • Қатысушылардың шығармашылығына қолдау көрсету

Жаңылтпаш — қазақ балалар өлең-ойындарының ішінде салмақты орын алатын, тәрбиелік мәні жоғары сөздер жиынтығы. Ахмет Байтұрсынұлы өз еңбектерінде «Кім жаңылтпаш жасайды?» деп балаларға өз бетімен тапсырма беріп отырған. Ол жасөспірімнің тілін ғана емес, ой ұшқырлығының дамуын қалыптастыруда да жаңылтпаштың маңызды екенін ескерген.

Байқау кезеңдері

Тіркелуден бастап қорытынды жариялауға дейінгі жол.

1
Тіркелу — 10.09.202620.09.2026Ата-ана сайтта анкета толтырып, туу туралы куәлікті жүктейді. Өтінім қабылданғаны туралы поштаға хабарлама келеді.
2
Өтінімдерді тексеруҰйымдастырушылар деректер мен құжатты тексереді. Нәтижесі поштаға жіберіледі және жеке кабинетте көрінеді.
3
Тапсырма — 21.09.2026Жаңылтпаштар тізімі жарияланады. Мақұлданған қатысушылар оны жеке кабинеттен PDF түрінде жүктеп алады.
4
Бейнежазба — 21.09.2026 12:00-ден 05.10.2026 00:00-ге дейінҚатысушы видеосын Instagram-ға жариялап, сілтемесін жеке кабинетте қалдырады.
5
Қорытынды — 08.10.2026, сағат 15:00Қазылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Толық хаттама @alqa_astana парақшасында жарияланады.

Жас санаттары

Байқау қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай үш санат бойынша өткізіледі.

СанатЖас ерекшелігіЖаңылтпаш саны
I санат5–6 жас10 жаңылтпаш
II санат7–8 жас15 жаңылтпаш
III санат9–10 жас20 жаңылтпаш

Санат көтерілген сайын жаңылтпаштардың ұзақтығы мен күрделілігі арта түседі. Толық тізім 21.09.2026 күні жарияланады.

Бейнежазбаға қойылатын талаптар

Талап бұзылған жұмыстар байқаудан шеттетілуі мүмкін, сондықтан мұқият оқыңыз.

1Бейнежазба Instagram желісіне #ойқұмар хэштегімен, @alqa_astana парақшасын тең авторлықпен (соавторство) белгілеп жарияланады.
2Бейнежазбада қатысушы алдымен аты-жөнін және жасын айтады, содан кейін өз санатының жаңылтпаштарын орындайды.
3Видео біртұтас, үзіліссіз және тік (9:16) форматта түсіріледі.
4Кадрда өзге адамның дауысы естілмеуі және бейнесі көрінбеуі керек.
5Монтаж қолданылмайды. Жаңылтпаш мәтіні экранда жазба түрінде көрсетілмейді.
6Жаңылтпаштар тек қазақ тілінде, жатқа, толық және барынша жылдам айтылады.
7Видеоның сапасы баланың бет-жүзін анық көруге және дауысын анық естуге мүмкіндік беруі керек.
8Артқы фонның көрнекілігіне және киімнің ұқыптылығына мән беріледі.
9Жаңылтпашты айтқанда орфоэпия заңдылықтары мен үндестік заңы сақталады.
Хэштег: #ойқұмар · парақша: @alqa_astana (тең авторлықпен белгіленеді). Бір қатысушыдан тек бір өтінім қабылданады.

Бағалау жүйесі

Әр жас санатын 5 қазы бағалайды, барлығы 15 қазы. Бір қазы өз санатындағы барлық жұмысты қарайды.

Критерийлер

  • Жаңылтпашты жатқа әрі толық айтуы — 0–10 ұпай
  • Сөйлеу мәнері мен дыбыстарды анық айтуы — 0–10 ұпай
  • Жаңылтпашта қате/жаңылыс бермеуі — 0–10 ұпай
  • Сөйлеу жылдамдығы мен ырғақты сақтауы — 0–10 ұпай
  • Сенімділігі және өзін-өзі ұстауы — 0–10 ұпай
Бір қазының ең жоғары ұпайы50

Қатысушының түпкілікті ұпайы — 5 қазының қойған ұпайларының арифметикалық ортасы.

Жүлделер

I орын100 000 ₸
II орын70 000 ₸
III орын50 000 ₸

Әр жас санаты бойынша бөлек 3 жүлделі орын анықталады — барлығы 9 жеңімпаз.

Бірдей ұпай жиналған жағдайда қазылар алқасы дауыс беріп, соңғы шешім шығарады. Дауыс тең түссе, төрағаның дауысына басымдық беріледі.

Қорытынды және марапаттау

01

Байқау қорытындысы қазылар алқасының бағалау нәтижесі бойынша 08.10.2026 сағат 15:00 шығарылады.

02

Жеңімпаздардың ақшалай сыйақысы байқау аяқталған сәтте ата-анасы көрсеткен есепшотқа аударылады.

03

Жүлдегерлердің дипломдары өтінім берілген поштаға 3 жұмыс күні ішінде жіберіледі.

04

Толық хаттама ұйымдастырушылардың @alqa_astana Instagram парақшасында жарияланады.

Сұрақтарыңыз бар ма?

Байқау бойынша барлық сұрақты Әлима Бердіғалиевабайқау үйлестірушісі — жауаптайды.